Спорт

«ХАЛЫҚ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ #АУЫЛФУТБОЛ ЖОБАСЫНЫҢ БАС ДЕМЕУШІСІ БОЛДЫ

 Бас демеушілік туралы екіжақты Меморандумға қол қою рәсімі 2023 жылдың 9 қарашасында өтеді.

 

Демеушінің қолдауы:

100 ауылдың балалар футбол командасына жаттығу жабдықтарын сатып алуға жәрдемдесу;

— ауыл командалары арасында 17 облыстық турнир және республикалық деңгейде финалдық турнир өткізу;

100 ауыл жаттықтырушысын УЕФА-ның «D» санаты бойынша оқыту;

— Алматы облысы құрама командаларының оқу-жаттығу процесін және олардың беделді жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету.

Жұмыс жоспары 12 айға жоспарланған. Үш мыңнан астам ауыл балаларын қамту көзделеді.

Бас демеушілік туралы екіжақты меморандумға қол қою рәсімі 2023 жылдың 9 қарашасында Жібек жолы ауылында өтеді (Алматы облысы, Қарасай ауданы).

 

Рәсімге #АуылФутбол жобасының негізін қалаушы Серік Мәмбетов және «Халық» Қайырымдылық қоры» Жеке қоры Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов қатысады.  

Сондай-ақ Алматы облысындағы #АуылФутбол жобасының балалар командалары, олардың ата-аналары және БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, футбол ардагерлері қатысады.

Бұған дейін, 2023 жылдың маусым айында аталған Қайырымдылық қоры Алматы облысынан келген 200-ден астам жас футболшының басын қосқан екі күндік Halyk Open Cup турниріне демеушілік жасады.

Үздік ойыншылардан Алматы DUFL лигасы мен Алматы балалар лигасына қатысатын команда жасақталды.

Қор команданы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, қалаға жеткізу ақысын төледі. 2013 жылы туған балалардан құралған #АуылФутбол командасы DUFL қола жүлдегері атанды, ал 2014 жылдан кейінгі туған балалар командасы Алматы Балалар лигасының чемпионы болды.

Қордың #АуылФутбол жобасын қолдауы табысты әрі тиімді болуда, оған дәлел –  ауылдық балалар футбол командалары арасында қызығушылықтың артуы және #АуылФутбол жобасы ауқымының кеңеюі.

Halyk Open Cup турнирі өткеннен кейін #АуылФутбол жобасы ауылдардағы балалар командалары арасында бұрынғыдан да танымал бола түсті. Турнирден кейінгі үш ай ішінде жобаға қатысушы командалар саны 35%-ға – 32 командаға дейін өсті (24 команда болған).

#АуылФутбол жобасы 2020 жылдың қаңтарында іске қосылды. Идея авторы – журналист және қоғам қайраткері Серік Мәмбетов.

Осы 3,5 жылда бірнеше жоба жүзеге асырылды:

– Қарасай ауданындағы Райымбек және Абай, Алматы облысының Ащыбұлақ, Көксай, Іргелі ауылдарында, сондай-ақ Қызылорда облысының Төребай ауылында жаңа клубтар құрылды. Жуырда Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында бірнеше клуб ашылады.

— Алматы және Ақтөбе облыстарында 2 футбол алаңы салынды.

— «Кішкене істер саясаты» атты балалар командаларын қолдау бағдарламасы іске қосылды: 80-нен астам балалар командасы демеушілер көмегімен жаттығу жабдықтарын, формалар, доптар алды.

— Әртүрлі шағын жобаларға бірқатар демеуші тартылды;

— 35-тен астам, оның ішінде 6 республикалық турнир өткізілді;

— Ауыл командалары жаттықтырушыларына 30-дан астам семинар өткізілді;

— «Futbol Week End» атты 3 іс-шара өткізілді, оның бағдарламасына спорт  жарыстары, мәдени-танымдық іс-шаралар және дәрістер кіреді;

— Ересектер мен ата-аналардың футболға қызығушылығын арттыру мақсатында 2 рет «Отбасы және футбол» фестивалі өткізілді;

— Жобаға қатысушы 30-дан астам команда – түрлі жарыстардың, соның ішінде халықаралық жарыстардың тұрақты қатысушылары. Мәселен, Маңғыстаудың «Ақшұқыр» командасы – Қазақстан чемпионы және Қырғызстанда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы. Қатысушылар саны күннен-күнге артып келеді;

— #АуылФутбол жобасы Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, БҚО, Павлодар, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарында бар.

«Халық» қайырымдылық қоры 2016 жылы кәсіпкер Құлыбаев Тимурдың бастамасымен құрылып денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет және әлеуметтік қорғау сияқты қоғамдық өмірдің маңызды салаларында ауқымды қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру және қолдау бойынша табысты қызмет атқарып келеді. Қор қызметінің басым бағыттарының бірі – спорт саласындағы жобаларды қолдау.

«Халық» қайырымдылық қоры өз қызметі барысында бірқатар спорттық жобаларды жүзеге асырды.

2021 жылы Қор Қазақстан Республикасында халық арасында саламатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту саласында белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп келе жатқан «Қайрат» ФК-на  демеушілік көмек көрсетті.

Кешенді қолдау көрсету мақсатында 2019-2020 жылдарға арналған «Халық лигасы» қайырымдылық бағдарламасы әзірленіп бекітілді. Бағдарлама аясында  Қазақстан Республикасы Ұлттық баскетбол федерациясының жаттықтырушылар құрамын жалақы қорымен қамтамасыз ету және балалар үйінің тәрбиеленушілерін «Үміт кубогы» чемпионатына дайындау үшін спорт құрал-жабдықтарын сатып алу түрінде көмек көрсетілді.

2019 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында баскетболдан «Үміт кубогы» чемпионаты өтті, оған еліміздің түкпір-түкпірінен балалар үйлері мен мектеп-интернаттарынан 10-17 жас аралығындағы 170 бала қатысты.

«Халық» қоры спортты тұрақты түрде қолдауды жалғастырады.

2023 жылдың 4 маусымында «Халық» қорының қолдауымен Алматы қаласында барлық стильді каратэден халықаралық турнир өтті. Турнирде рекорд жасалды – қатысушылардың жартысынан көбі жүлдегер атанды.

Татамиге Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркменстан, Моңғолия және Қазақстанның әр өңірінен, соның ішінде шағын ауылдардан 500 спортшы шықты. Жарысқа түрлі жастағы балалар қатысты: ең кішкентай спортшы 5 жаста, ең үлкені – 17 жаста. Бұл балалар үшін спорт – өзін-өзі дәлелдеу үшін санаулы қолжетімді мүмкіндіктің бірі.

Осындай жобалар арқылы Қор Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Бұқаралық спортты дамыту туралы» тапсырмасын жүзеге асыруға атсалысып келеді.  Сондай-ақ спортты дамытуға және насихаттауға, мықты спортшыларды анықтауға, спортшылардың бойында адамгершілік қасиеттерді және төзімділікті  қалыптастыруға, өскелең ұрпақ арасында саламатты өмір салтын насихаттауға үлес қосады.

Спикерлер:

  1. «Халық» Қайырымдылық қоры» Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықұлы Жақсылықов, тел: 87017799090
  2. #АуылФутбол жобасының жетекшісі Серік Болатұлы Мәмбетов, тел: 87777216808

 

Другие новости

Back to top button