Госорганы

«Халқым мені жақсы көреді»: Депутат Тұрлыханов мандатын тапсыра ма?

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы Нұрасыл Болатқа сот үкімі шыққаннан кейін мандатын тапсыруға дайын немесе дайын еместігін айтты. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Бұны сайлаушыларым шешеді. Маған сенім артқан сайлаушылар: құрметті Дәулет Болатұлы, мандатыңызды тапсырыңыз десе, мен тапсырамын. Осы уақытқа дейін ешкім айтқан жоқ, мені халқым жақсы көреді», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты адвокаттарды ұрып-соққан еді. Жақында Мәжіліс депутатының ұлына қатысты сот үкімі шығып, 1 миллион 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Другие новости

Back to top button