ГлавноеГосорганы

Гүлмира Сатыбалды сотта өзіне тағылған айыптардың бір бөлігімен келісті

Астанада Қайрат Сатыбалды бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының соты жалғасып жатыр. Бұған дейін өз кінәсін мойындамаған ол енді тағылған айыптардың бір бөлігімен келісті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлап, өзінше билік етті деген күдікке ілінген. Сонымен қатар екі кәсіпкер бизнесін рейдерлік жолмен тартып алғанын мәлімдеді.

«Өз кінәмді жартылай мойындаймын, бірақ 125-бапты (Адам ұрлау) мойындамаймын. Мен оны ұрлап кетсем, қалай үйіме шақырамын? Ақылға қонымсыз ғой. Өзінше билік ету бойынша мойындаймын, 5% акция бойынша», – деді ол Сатыбалды сотта.

Гүлмира Сатыбалдының адвокаты сотталушының Galanz bottlers компаниясының 5%-ын акциясын беруге уәде етіп, алайда мұны орындамағанын қосып өтті.

Еске салайық, Астана сотында прокурор Азамат Сәрсембаев олигарх Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты айыптау актісін оқыған еді. 

Другие новости

Back to top button