Социум

Германия украиналық босқындарды орналастыратын орын таппай жатыр

Соғыс басталғалы бері Германияға 1 миллион украиндық қашып барған

Германияда босқындардың көптігінен мектепте сабақ өту қиындады. Ел билігі бас сауғалған украиналықтарды шатырлар мен мектептің спорт залдарына орналастыру керек деген шешімге келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhyтілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша, соғыс басталғалы бері Германияға бір миллион украиналық қашып барған. Берлиннің шетіндегі ескі аэродром ғимараты бүгінде мыңға жуық адамның тұрақты мекеніне айналды.

Десе де, Берлин Украина босқындарын орналастырудың қиындықтарын толық шеше алмай отыр. Қыс жақындап, Ресей Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына шабуыл жасауды жалғастыра бергендіктен, билік тағы ондаған мың адамның келуін күтіп отыр.

Берлинде күн сайын 100-ге жуық украин азаматы бұрынғы Тегель әуежайының терминалында орналасқан босқындарды қабылдау орталығына келеді. Орталықта бірнеше түнге жететін тамақ, медициналық көмек және ұйықтайтын орындар бар. Бірақ келген адамдардың көбі осында ұзақ уақыт қалуға тырысады. Өйткені баспана табу да, оны жалдау да нарықта өте қиын.

«Барлығы босқындарға қамқорлық жасау үшін ұйымдастырылған. Кейде олар өздерін ретке келтіргенше мұнда екі-үш апта тұруы керек», — дейді босқындар орталығының менеджері Клео Тюммлер.

Другие новости

Back to top button