«Гемоглобині 61-ге дейін азайған»: Шымкенттен Астанаға ұшқан 20 жастағы бойжеткен ұшақ ішінде талып қалды

Шымкенттен Астанаға қарай бет алған ұшақтың ішінде 20 жастағы қыздың қан қысымы нөлге дейін түсіп, есінен танып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рейстің бортсеріктері жолаушылар арасынан дәрігер іздеп, көмек сұраған. Абзал болғанда, ұшақ ішінде білікті нейрохирург әрі кардиолог Нұрсұлтан Құрбанбеков есімді азамат болған екен.
«Fly Arystan әуекомпаниясының рейсінде төтенше жағдай орын алды, 20 жастағы студент есінен танып қалды. Оның импульсі әлсіреп, қан қысымы нөлдік деңгейге жеткен. Бұл өте қауіпті жағдай еді. Дәрігердің арқасында қыздың жағдайы бірнеше минуттан кейін айтарлықтай жақсарды. Анамнезде қандағы гемоглобин деңгейі небәрі 61 екендігі анықталды және қыздың айтуынша, ол емделмеген», — деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Дәрігер қызға қан деңгейін жақсартып, дәрігерлерге қаралмаса, денсаулығы нашарлай беретінін ескерткен.
Айта кетейік, бойжеткенді құтқарған реаниматолог- дәрігер «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» жаңа туған нәрестелердің анестезиологиясы, реанимациясы және қарқынды терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.