Выбор редакции

Ғалымдар отбасындағы ортаншы балалардың өзгелермен салыстырғанда табысты болатынын анықтады

Брока және Калгари университетінің ғалымдары отбасындағы ортаншы бала өзгелерімен салыстырғанда табыстырақ болатынын анықтады. Айтуларынша ортаншы баланың бойында өзгелерге қарағанда ерекше сенімділік басым. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Канадалық ғалымдардың тұжырымынша, аға-әпкесі немесе іні-қарындасы бар балалар өзіне сенімді, шыдамды әрі тәуекелшіл болып келеді. Сондай-ақ, оларда ашуға бой алдырмайтын, кешірімді бола білетін және адамдармен тез тіл табысатын мінез қалыптасады екен.


Жоғары оқу орнының өкілдері мысал ретінде жетістікке жеткен ортаншы балаларды келтірген. Олар: Мартин Лютер Кинг, Мадонна, Уоррен Баффет және Авраам Линкольн. Зерттеу барысында үйдің тұңғышы ақылды, ал кенжелер бұзық әрі ерке болатыны анықталған. Отбасында жалғыз өскен ұл-қыздардың да мінезді болатыны көрсетілген.

Другие новости

Back to top button