Бизнес

Фуд-зертханасы: оқушыларға дұрыс тамақтану негіздерін қалай тиімді және қызықты етіп оқыту керек

Астана қаласындағы №80 мектепте «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында «Фуд-зертхана» бірегей ағартушылық жобасы іске қосылды. Оның мақсаты — балаларға дұрыс тамақтану мәдениетін қызықты етіп үйрету.

 

«Фуд-зертхана» жобасы — бұл «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС және «Астана медицина университеті» КЕАҚ ынтымақтастығы. Жобаның аясында медицина студенттері оқушыларға қызықты білім беру сабақтарын өткізеді, онда олар тек әңгімелеп қана қоймай, сонымен қатар арнайы тәжірибелер арқылы өнімдердің пайдалы қасиеттерін көрсетеді.

«Фуд-зертхана» жобасы 2013 жылдан бастап Қазақстан мектептерінде іске асырылып келе жатқан «Нестле. Дені сау балалар» бағдарламасының бөлігі болып табылады. Бірінші кезеңде жобаға Астананың 10 мектебі қатысады. Болашақта басқа өңірлер де қосылады.

«Фуд-зертхана» — ойын арқылы байыпты ғылыми білімді меңгеру және оқыту жүзеге асырылатын бірегей эдьютейнмент* жобасы. Сыныптағы мұғалімдер үстелінің алдында қатаң мұғалім емес, кешегі мектеп оқушылары, қазіргі кезде – жобаның арқасында білім беру дағдыларын игерген медицина институтының студенттері тұр. Сабақ кезінде партада отырған ұлдар мен қыздар қарапайым мектеп оқушыларынан өнімнің қасиеттері туралы тәжірибелер арқылы нағыз зерттеушілерге айналады.  Мұндай қызықты ойын жаттығулары заманауи балаларды дұрыс тамақтанудың пайдалы ғана емес, сонымен қатар өте қызықты екендігіне сендірудің тиімді жолы екеніне сенімдіміз!» — деді Еуразиядағы Nestlé білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Александра Макеева.

«Заманауи дәрігердің ауруларды емдеп қана қоймай, алдын-алу өнерін де меңгеруі керек екендігі белгілі. Ал алдын алудың негізгі құралы – ағарту. Біздің университетте біз студенттерді білім беру жұмысының негіздеріне оқытуға көп көңіл бөлеміз. Сондықтан біз студенттерге салауатты өмір салтын насихаттаушылар ретінде өзін сынап көруге тамаша мүмкіндік беретін, жас аудитория арасында СӨС идеяларын насихаттайтын «Фуд-зертхана» жобасына қуана қосылдық. Жоба оқушыларды тамақтану мәдениетінің негіздеріне үйретуге, сондай-ақ болашақ дәрігерлерге тиімді профилактикалық жұмыс дағдыларын игеруге мүмкіндік беретініне күмәніміз жоқ», – деді «Астана медицина университеті» КЕАҚ Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ доценті Сәуле Тарджибаева.

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы туралы 

«Салауатты тамақтану мектебі» қазақстандық бағдарламасы «Нестле. Дені сау балалар» жаһандық бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Бастаманың мақсаты — 2030 жылға қарай дүние жүзіндегі 50 миллион балаға салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу. «Салауатты тамақтану мектебі» Астана және Алматы мектептерінде 2013 жылдан бастап жұмыс істейді, ал 2023 жылдан бастап Қазақстанның басқа қалаларына географиясын кеңейтуде. Бағдарлама 6-8 жастағы балаларға бағытталған және мұғалімдер өткізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен және Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп әзірленген. Қазақстанда іске асыру барысында барлығы 200 000-ға жуық бала «Салауатты тамақтану мектебімен» танысты.

Нестле компаниясы туралы

Nestlé – Өнімнің сапасы, Өмір сапасы. Біз сапалы өнімдердің өмірді жақсарта алатынына сенеміз.

Nestlé – штаб-пәтері Швейцарияда орналасқан әлемдегі ең ірі халықаралық тамақ және сусындар компаниясы. Бүгінгі таңда 2000-нан астам брендтері бар компания әлемнің 188 елінде жұмыс істейді. Бүкіл әлем бойынша жұмысшылар саны шамамен 275 000 адамды құрайды.

Nestlé Қазақстанда 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде біз тұтынушылар өмірінің әр кезеңінде келесі санаттарда қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысамыз: балалар тағамы (NESTOGEN ® , NAN ® , GERBER ® ), кондитерлік өнімдер (KITKAT®, GOODMIX®, NUTS®, BON PARI®), сүт өнімдері және таңғы ас (NESQUIK ® , KHRUTKA ® ), тез еритін кофе (NESCAFÉ ® ), Nestlé Professional (Заманауи инновациялық тамақтану шешімдері, клиникалық тамақтану Nestlé Health Science (WOBENZYME®, RESOURCE® CLINUTREN® JUNIOR, MODULEN® IBD), үй жануарларына арналған тағамдар (PURINA®: PRO PLAN®, FELIX®, PURINA ONE®, GOURMET®, DARLING®).

 

 

 

 

 

Другие новости

Back to top button