Госорганы

Фермерлер үшін арзандатылған дизель отыны кестеге сәйкес көлемде бөлінеді – Смайылов

Ел өңірлеріне 413 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді

Аграрийлер үшін арзандатылған дизель отыны кестеге сәйкес толық көлемде бөлінеді. Егістік жұмыстары аяқталғанға дейін оның бағасы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, ел өңірлеріне 413 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың тоннаға артық. Көктемгі дала жұмыстарына бекітілген көлем басымдық тәртібімен жөнелтіледі.

«Көктемгі егіс жұмыстары аяқталғанға дейін фермерлер үшін дизель отынының бағасы өзгермейтінін мәлімдеймін. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, республика бойынша орташа құны литріне 204 теңгені құрайды. Бұл ішкі нарықтағы қазіргі бағадан 15-20%-ға төмен», — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Үкімет өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп арзандатылған отынды ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жеткізу бойынша бақылау шараларын күшейтеді.

«Біз арзандатылған дизель отынының қажетті көлемін бөліп жатырмыз. Бірақ кейбір операторлар арзандатылған дизель отынын барлық фермерлерге жеткізу бойынша өз міндеттемелерін толық орындамай отыр. Біз қазір мониторингті күшейтіп, барлық фактілерді тексереміз және жосықсыз операторларды жауапқа тартамыз. Болашақта біз олармен жұмыс істемейміз», — деп сендірді Үкімет басшысы.

Другие новости

Back to top button