Алматы

Езіп кеткен: Жетісу тас жолында көлік апатынан екі адам опат болды (ВИДЕО)

Алматы-Өскемен тас жолында жол-көлік апаты тіркелді. Жеңіл автокөлік пен FOTON жүк көлігі соғысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 18 шілдеде Жетісу облысы Алматы-Өскемен тас жолында Сарқант маңында болған. Жол-көлік оқиғасын куәгерлер видеоға түсірді.

FOTON ауыр жүк көлігі мен MAZDA 626 жеңіл автокөлігі соғысқан. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Көлік қаңылтырға айналған.

«Сот сараптамалары тағайындалды. Жүк көлігі арнайы автотұраққа қойылды. Полиция жол қозғалысының барлық қатысушысын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдарда өте мұқият болуға шақырады», — делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Другие новости

Back to top button