АқшаВыбор редакции

Ескі һәм Жаңа Қазақстан: Өзгермейтін 50 бай…

«Forbes» 2023 жылғы ең бай Қазақстандықтардың тізімін жариялады. Басылымның жазуынша, биылғы жылы Қазақстан миллиардерлерінің байлығы арта түскен. Барлығы – $23,9 млрд-қа жетіп жығылған. Ал былтыр $ 25,3 млрд болған.

2022 жылы байлар қатарында 5-ші орынды алып тұрған Kaspi.kz АҚ акционері Михаил Ломтадзе биылғы тізімде жоқ, өткені оны америкалық «Forbes» Грузия кәсіпкерлерінің қатарына қосып жіберген.

Өткен жылы азаматтығын Ресейден Қазақстанға ауыстырған Тимур Турлов өзінің байлығын  900 млн долларға арттырған, яғни $2,2 млрд-тан $3,1 млрдқа байыған. Осылайша 7-ші орыннан 5-ші орынға көтерілген.

Тимур мен Динара Құлыбаевтар әрқайсысы бір жыл ішінде дәулетін $ 400 млн-ға арттырды. Олар екінші және үшінші орынға жайғасқан.

Kaspi тобының қожайыны Вячеслав Ким биыл $400 млн-ға байыған. Ол әдеттегідей төртінші орында тұр.

Кеңес Рақышевтің дәулеті бір жыл ішінде ортайған. Ол қазақстандық активтердегі өз үлесін азайтқан. Оның БТА Банкі ресейлік активтердің бір бөлігін сатты. Осылайша ол 15-ші орынға тұрақтады.

Биылғы жылы рейтингке жаңа есім қосылды. Ол – Orbis Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов. Компания құрамына Orbis Auto дилерлік желісі, Қазақстанның 12 қаласындағы 33 автоорталық кіреді. 11 автомобиль брендін ұсынады.

Бұдан басқа, топқа «АқсайГазСервис» мұнай сервисі АҚ, «Автодом» ЖШС (автокөліктің операциялық лизингі саласындағы қызметтер), Orbis Agro (дәнді дақылдар трейдингі және жылыжай шаруашылықтары), Orbis Development (Almaty қонақ үйін басқарады) кіреді. Махмудов тізімде 22-ші орында тұр.

Экс-президенттің тұңғыш қызы Дариға Назарбаеваның байлығы $590 млн-ға бағаланды. Ол 14-орынға түскен.  Ол өзінің иелігіндегі «DLS Group холдингтік компаниясы» арқылы «Аймақ-Медиа» ЖШС, «A-Service Management» ЖШС (Астанадағы «Думан» төрт жұлдызды қонақ үй)  үлестерін алып отыр.

Сондай-ақ, рейтингте 29-шы орынға жайғасқан ұлы Нұралы Әлиевпен бірге «Еуропа плюс Қазақстан» ЖШС-на иелік етеді, ол арқылы «Радио Сити Телерадиокомпаниясы» ЖШС (Radio City радиостанциясы) және «Тәуелсіз телевизиялық арна» ЖШС (НТК телеарнасы) үлестері бар.

Тізімде 45-ші болып тұрған Нұрбол Назарбаевтың дәулеті – $155 млн. Ол «Prime Capital Invest» ЖШС құрылтайшысы. «PLS инвестициялық-құрылыс компаниясы» ЖШС, «PLS-TM» ЖШС («Алматы ауыр машина жасау зауыты»АҚ мажоритарлық акционері) тең иесі.

 

Abai.kz

Другие новости

Back to top button