Главное

Есірткі бизнесіне қарсы күреске 53 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

«Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Үкімет қабылдаған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспардың маңыздылығын атап өтті. Қауіпсіздік Кеңесіне құжаттың орындалу барысын бақылауға алуды тапсырды», — деді Серік Сұлтанов апталық брифингте.

Кешенді жоспардың негізгі мақсаты – авиатехника мен пилотсыз ұшу аппараттарын қолданып, адам аз жүретін учаскелерде есірткінің қауіпті түрлерінің таралу каналдарына сұранысты азайту және жолын кесу, жасырын есірткі зертханалары мен плантацияларды жою бойынша жалпыұлттық деңгейде шаралар қабылдау.

«Әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділікті ерте анықтау, есірткі тұтынушылардың нақты есебін жасау көзделген. Сондай-ақ уәкілетті органдарды материалдық-техникалық жабдықтау және ұйымдық-құқықтық мәртебесін арттыру қаралған. Нашақорлықтың алдын алу жүйесін жетілдіруге, нашақорлықты емдеуге және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін дамытуға, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге де көп көңіл бөлінеді. Осы іс-шараларды іске асыруға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлу көзделген», — деп толықтырды Серік Сұлтанов.

Другие новости

Back to top button