Выбор редакцииКультура

Есіріп билеп, образын өзгерткен Баян Нұрмышева жұрттың сынына ұшырады

Эстарадаға гитарасын ұстап келіп танылған Баян Нұрмышева өзгергенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Ол Tik-tok желісіне тіркеліп, трендтегі видеоларды түсіре бастаған.

 

«Періште алтын көрсе жолдан таяды» демекші, мен де өзгердім. Видеоны соңына дейін көріңіздер. Қалжың түсінбейтіндер назар аудармаңыздар. Жүректеріңіз шыдамауы мүмкін,

— деп жазды әнші.

Бірақ қоңыр үні, нәзік қалпымен танылған Баян Нұрмышеваның жаңа образы көпшілікке ұнамай қалды. Оқырмандар бұрынғысы дұрыс еді деп жатыр.

«Халықтың алдында нәзік қалпыңызды сақтап қалыңызшы», «Біртүрлі екен», «Сізге байсалды болған жарасады», «Ерсілеу көрінеді», «Жасыңа лайық тірлік істе», «Образ жақсы, қимылыңыз келмейді», «Қартайыпсыз, жас өзінікін алады», «Дым үйлеспейді»

— деген сарындағы пікірлер жазылған.

Баян Нұрмышева
Есіріп билеп, образын өзгерткен Баян Нұрмышева жұрттың сынына ұшырады

Баян Нұрмышева екі рет тұрмыс құрған. Алғашқы жары Қорғаныс министрлігі ансамблінің жетекшісі, полковник Жасболат Жұмағалиев болатын. Өзінен 20 жас үлкен жолдасы 2008 жылы дүниеден өткен. Алғашқы некесінен Ілияс есімді ұлы бар.

Кейіннен Баян өзінен үш жас кіші әнші Ерлан Орынбасаровпен көңіл жарастырды. Бұл некесінен тағы екі ұл туған.

Другие новости

Back to top button