Культура

«Ешқашан тастаған емеспін»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі отбасылық фотоларын жариялады

Танымал эстрада жұлдызы, әнші Мейрамбек Беспаевтың жары Мархабат оқырман қауыммен сырласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/marhabat.besbaeva/

Өнер иесінің жұбайы осыдан 22 жылға шегініс жасап, қыз-жігіт болып жүрген сәттерін еске алды. Жеке парақшасында оқырманнан келген сұрақтарға кезекпен жауап берді.

“2002 жыл, желтоқсан айы. Біздің алғаш танысқан күніміз. Қыз бен жігіт болып жүрген кездегі фотолар аз. Солардың бәрінің басын құрап, фотосалоннан шығару керек еді”, – деді Мархабат.

Сонымен қатар Мархабат ел аузында жүрген өсекке де нүкте қойды. Кезінде Мейрамбек сырқаттанып қалғанда әйелі тастап кетіпті деген әңгіме халық арасына лезде тараған еді.

“Мейрамбек ауырған кезде әйелі тастап кетіпті” деген сөз жалған. Үйленген күннен бастап, күні бүгінге дейін тастаған емеспін. 20 жылдан аса уақыт бірге келеміз. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, ауырған кезде тастап, жазылған кезде келетін болсам, кім мені қуана қарсы алады”, – деп жансырын ақтарды.

Фото: https://www.instagram.com/marhabat.besbaeva/

Айта кетейік, әнші Мейрамбек Бесбаев пен жұбайы Мархабат 2004 жылы 8 шілде күні заңды некесін қидырып, отбасын құрған еді. Бүгінде ерлі-зайыптылар Кәусар есімді қыз бен Әбухайыр есімді ұл тәрбиелеп отыр.

Другие новости

Back to top button