Выбор редакцииКультура

Ешкімде жоқ сақина! Төреғалидың анасы жаңа құдаларына қымбат бренд таратты

Күні кеше Төреғали Төреәлінің шаңырағында дүбірлі той өтті. Әншінің екінші қарындасы Динаға жігіт жақ сырға салып, ерекше рәсім ұйымдастырған, деп хабарлайды Экспресс К.

Төреғалидың соңынан ерген екі қарындасы бар. Үлкені Фариза осыдан үш жыл бұрын тұрмысқа шықса, санаулы сағат бұрын үйдің кенжесі Дина қызға да сырға салынды. Жұлдызды жанұяның жағымды жаңалығын қалыңдықтың әпкесі әлеуметтік желіде жариялаған.

Бақытты болыңдар, жүректер. Диногым «сырғалым» атанды,

— деп жазды Фариза Төреәлі.

Төреғалидің зәулім сарайдай үйінде туған-туыс, дос-жаранның бәрі жиналған. Әншінің ата-анасы Қызылорда өңірімен құда болыпты. Күйеу жігіттің есімі — Ернар Мұсабай. Ол футболшы екен. Ал күйеу балаға төс тарту мәртебесі Төреғалидың келіншегіне бұйырыпты.

Бұйырса, қазір жаңа күйеу жігіттің мырзалығын көретін боламыз,

— деді Төреғалидың келіншегі Толқын.

Бағалы сақиналар, бренд сөмкелер, қымбат жағалы киімдер… Бұл кеште Төреғалидің анасы жаңа құдаларға шет елден арнайы әкелген құнды сыйлықтарын тарту етті.

Арнайы алынған италиялық алтын сақина. Мұндай сақина ешкімде жоқ. Норка жағалы пальто. Негізі екі жұмыспен Стамбұл қаласына барған едік. Қызымның дүниесін сол жақтан әкелсем бе деген өзімнің бұрыннан арманым бар еді. Сол ниетім орындалды,

— деді Төреғалидің анасы Аягөз.

Айта кетейік, бүгін кешке дәл осы Дина Төреәлінің өзі өскен ұясынан ұзату рәсімі өтеді. Одан кейін жігіт жақ та екі жастың дүбірлі тойына дайындыққа қызу кіріспек.

 

 

Другие новости

Back to top button