Социум

Ерлі-зайыптылар Непалдағы ұшақ апаттарында 16 жылдық айырмашылықпен көз жұмды

Непалдағы ұшақ апаты кезінде әйел ұшқыш Анджу Хативада көз жұмды. Ол – 16 жыл бұрын дәл осындай жағдайда опат болған ұшқыштың әйелі, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

 

Reuters басылымының мәліметінше, 44 жастағы Анджу Хативада Катмандудан Покхар қаласына ұшқан рейсте екінші ұшқыш болған. Бұл туралы Yeti Airlines әуе компаниясының өкілі Сударшан Бартаул айтты.

«Оның күйеуі Дипак Похрел 2006 жылы Yeti Airlines компаниясының Twin Otter ұшағы Джумла қаласында (Непал) апатқа ұшырағанда көз жұмған», – деді Сударшан Бартаул.

Бұл кезде ұшақ қонуға бірнеше минут қалғанда апатқа ұшырапты. Бартаулдың сөзінше, Хативада күйеуі қаза тапқан соң сақтандырудан алған қаржыға ұшақ басқаруды үйренген. Әзірге оның мәйіті табылмаған, дегенмен көз жұмғандардың қатарына қосылған.

Непалдағы әуе апаты 15 қаңтарда болды. ATR 72 ұшағы Покхар қаласының әуежайы маңында құлаған.

Другие новости

Back to top button