Госорганы

Ерлан Қарин ҚР азаматтығын алу және одан шығу өтініштерін қарады

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысы өтті. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

 

Отырыс барысында азаматтық туралы бірқатар мәселе қаралды. Сондай-ақ Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға қатысты берілген өтініштер қаралды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына ел азаматтығын алуға және одан шығуға өтініш берген адамдардың тізімі ұсынылады.

Другие новости

Back to top button