Выбор редакцииКультура

Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші әнші жігітке тұрмысқа шықты

Отандық жұлдыз Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші әнші Райымбек Бақтыгереевке тұрмысқа шықты. Жұлдызды жұп бүгін, қасиетті жұмада мешітте некелерін қидырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы танымал ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram парақшасында жазды.

 

Ең алғашқы эксклюзив фото! Қасиетті жұма күні ақ некесі қиылған екі жасқа екі дүниенің бақытын тілейміз… Жақсы адамдар жақсы тілегін айтады… Барлық әйел бақытты болу керек! Ардақты Хадиша анамыз Пайғамбардан 15 жас үлкен болғанын білесіздер — деп жазды ақын.

Сондай-ақ Айнұр Тұрсынбаева желі оқырмандарынан жақсы пікір жазуын сұрады.

Ерке Есмаханның 80-нен асқан анасы барлық пікірді оқып отырады. Аналардың жүрегіне қаяу салмай, ақ тілегімізді арнап жіберейікші… Үбірлі шүбірлі болсын — делінген жазбада.

 

Мұндай жаңалықты желі қолданушылары да күтпесе керек. Бірі екі әншінің махаббатын уақытша деп қабылдаса, енді бірі хайп үшін жасалынған дүние деп болжаған. Оқырмандардың басым көпшілігі өнерлі жұпқа бақыт тіледі.

Айта кетейік, Ерке Есмахан бұған дейін бір рет тұрмыста болған. Бұрынғы күйеуі, тележүргізуші Асхат Садырбайдан бір ұлы бар.

Ерке Есмахан тұрмысқа шықты
Ерке Есмахан мен Райымбек Бақтыгереев некелерін қидырды

Экспресс К бұған дейін Райымбек Бақтыгереев пен Ерке Есмаханның Еуропада бірге демалып жүргенітуралы жазды. Көптеген тыңдарман жас әншіні қиындықта қасында болған сүйіктісін Ерке Есмахан үшін тастап кетті деп айыптады.

Другие новости

Back to top button