Госорганы

Ербаянның жағдайы қалай, ол елге қашан оралады: министр Әлназарова жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Түркияда емделіп жатқан Ербаян Мұхтардың жағдайы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ербаянның ата-анасының белгіленген азаматшысы (құқыққорғаушы Инга Иманбай – ред.) барын айтқан министр сол арқылы жағдайды біліп отырғанын жеткізді.

“Осыдан үш-төрт күн бұрын хабарластық. Ербаян емін алып жатыр. Жылдың аяғында Қазақстанға қайту жоспары бар тұғын. Бірақ содан кейін дәрігерлер қосымша ем тағайындауына байланысты қайту мәселесін өздері қабылдайтын болады. Негізі 27 желтоқсандай қайтамыз деген. Біз Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емделіп жатқан, ауыр хәлде жатқандардың барлығын тасымалдау, бүгінгі таңда мемлекет тарапынан іске асырылуда. Осыған байланысты Қазақстанға қайту кезінде санитарлық авиация арқылы жеткізу ұйымдастырылатын болады” деді министр.

ЕРБАЯННЫҢ ОҚИҒАСЫ

Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланда мерзімді әскери қызметте жүріп жараланған. Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбазды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған еді. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

Ербаян Мұхтарды Түркияға Қорғаныс министрлігінің арнайы бортымен жеткізілді. Сарбаз Ыстанбұлға аман-есен жетіп, “Медикал-Парк” клиникасына жатқызылған. Ол дәрігерлердің қарауында қажетті ем қабылдап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін әскерде жараланған Ербаян Мұхтарды қараған дәрігерлер тергеуге алынғанын жазған едік.

Другие новости

Back to top button