Выбор редакцииПроисшествия

Ер адам өз басын қауіпке тігіп, жасөспірімді ажалдан аман алып қалды

Ол ширақ қозғалмағанда оқиғаның қайғылы аяқталары анық еді, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Қауіпті сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Бейнежазбаның нақты қайда жерде және қашан түсірілгені белгісіз. Жағдайдың барлығы жолда келе жатқан автокөліктегі камераға түсіп қалыпты. Көлік жаяу жүргіншілер жолағына тоқтап, адамдарды өткізіп тұрған шақта қасынан басқа автомобиль зулап өткен. Оны дер кезінде байқаған ер азамат жолға шыққан жасөспірімді көтеріп алып, шетке шығарып үлгеріпті.

Аталған видеоға пікір білдірушілер жасөспірімнің көрер жарығы бар екенін жазып жатыр. Көпшілік жол ережесін өрескел бұзатын мұндай жүргізушілерге жазаны қатаңдату керек деп санайды. Бұл жағдай қолдан ұйымдастырылып, әдейі түсірілген дегендер де табылған.

Другие новости

Back to top button