Ғылым және техника

EOS C80 — кәсіби Canon кинокамерасын толықтыратын және шығармашылық мүмкіндіктерді кеңейтетін ықшам әрі қарымдыкамера

Canon Europe бүгін көптен күткен, кино өндірісінде жәнежанды трансляция ұйымдастыруда төңкеріс жасауға қабілеттіRF-қондырғысы бар жаңа EOS C80 камерасының шығатынын жариялайды. Танымал EOS R5 C және EOS C70 камераларының бай мұрасына сүйене отырып жасалған EOS C80 озық технологияны ықшам және эргономикалық дизайнмен үйлесімді үндестіреді, соның арқасында кәсіби мамандарға киновизуалды әсерлерді оңайырақ жасаумүмкіндігі туады.

Canon-ның әйгілі EOS R жүйесіне қосылған соңғы өнім заманауи визуалды сторителлинг (әңгімелеу) мамандарының өзгермелі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша мұқият әзірленген бірқатар жетілдірілген фнкцияларымен мақтана алады.

Соңғы флагмандық толық кадрлы көп қабатты артқы жарығы бар датчик

EOS C80 өзін алғаш рет осы жылдың басында EOS C400 камерасында ұсынылған артқы жарығы бар (BSI) төңкерісшілкөп қабатты CMOS (КМОЖ) сенсоры бар Canon-ның екінші EOS кинокамерасы деп мәлімдейді. Осы озық датчик 16 сатылы динамикалық диапазонмен керемет толық кадрлы 6K сапасымен түсіру мүмкіндігін ашады, сөйтіп шынымен әсерлі кадрлар түсіру үшін ерекше сезімталдықты қамтамасыз етіп, шу барынша азайтады.

Кинорежиссерлер ISO EOS C80 800 / 3200 / 12 800*инновациялық үш еселік негізгі сезімталдық арқасындаәртүрлі жарық жағдайларына оңай бейімделе алады, нәтижесінде кез келген жағдайда кескін сапасы оңтайлы шығады. Мейлінше икемділікті қамтамасыз ету үшін интеллектуалды автоматты ауыстыру режимі жаңалықтар немесе тікелей эфирдегі спорттық оқиғалар сияқты жылдам қарқынмен жүретін көріністерге ілесу үшін осы негізгі ISO деңгейлері арасында байқатпай ауысады.

EOS C80 камерасында Canon-ның атақты Dual Pixel CMOS AF II технологиясы қолданылған, ол енді теңдесі жоқ дәлдік пен жауап қату жылдамдығын қамтамасыз ететін кеңейтілген автофокус мүмкіндіктерімен толықтырылған. Бетті, көзді және басты айқын бақылаудың, сондай-ақ жақында жасап шығарылған денені және жануарларды бақылау жүйесінің арқасында камера кадр қаншалықты күрделік болса да нысан фокуста қалатынына кепілдік береді.

Таныс, бірақ жақсартылған дизайн және кәсіби деңгейдегі қосылу мүмкіндіктері

Атақты EOS C70 камерасының ықшам және таныс пішінін қайталай отырып, EOS C80 жетілдірілген эргономика арқасында қолданыс жайлылығын жақсартады, осы қасиетіоны қолмен, көшпелі жағдайда пайдалану және асқыштармен дрондарға бекіту кезінде ерекше пайдалы етеді. Қайта құрастырылған, алынбалы үстіңгі тұтқа асқан жайлылықты қамтамасыз етеді, ал жаңа көп функциялы табан үйлесімді аудиоаксессуарлар ауқымын кеңейтеді. Сонымен қатар камера сыртта пайдаланылғанда жақсырақ көруді қамтамасыз ету үшін жарқынырақ СКпанельмен, сондай-ақ қолданысты жайлы әрі ыңғайлы ететін, бас бармаққа жақынырақорналасқан жетілдірілген джойстикпен жабдықталған.

EOS C80 Canon-ның PL-RF бекітпе адаптерін қолдайтын Cinema EOS жүйесіндегі ең жаңа камера. Бұл жаңалық кинематографистерге стандартты PL бекітпесі баркинообъективтердің ауқымды кітапханасына, сонымен біргеCooke/i TechnologyTM метадеректерін қолдауға қол жеткізумүмкіндігін бере отырып, шығармашылық мүмкіндіктер әлемін ашады.

Canon қазіргі шапшаң өзгеретін өндіріс орталарында үздіксізжұмыс үдерістері қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Осытұрғыда EOS C80 күткеннен әлдеқайда асып түседі, файлдарды оңай тасымалдау, камераны қашықтан басқару, IP бойынша ағындық тасымалдау және түсірілім алаңында бірлесіп оңтайлы жұмыс істеу үшін сенімді кірістірілген Wi-Fi және Ethernet қосылымын ұсынады.

Объектив метадеректерін және бұрмалану туралы деректерді қолмақол жинау/шығару жұмыс үдерісінің бұрын-соңды болмаған тиімділігін және визуалды әсерлер мен виртуалды өндіріске шығармашылық бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді. Төңкерісшіл RF 5.2mm F2.8L Dual Fisheye («балық көзі» форматындағы) объективімен пайдалану үшін оңтайландырылған кірістірілген виртуалды шындықфункциялары арқылы көрініске толығымен шому енді әбден мүмкін болады.

Жазу форматтарының жоғарырақ сапасы

EOS C80 кез келген өндірістің талаптарын қанағаттандыру үшін кәсіби жазу форматтарының кең ауқымын және жоғары кадр жиілігін ұсына отырып, кинематографистерге өз көзқарасын теңдессіз дәлдікпен және икемділікпен түсіру мүмкіндігін береді.

Canon компаниясының соңғы өнімі, 6K 30p ажыратымдылықтағы 12-биттік Cinema RAW Light форматынқолдайтын камера, сонымен қатар XF-AVC S және XF-HEVC S сияқты жаңа MP4 бейнеформаттарын да қамтиды. Бұл опциялар файл өлшемдерін басқаруға болатын 10-биттік4:2:2 қайта дискреттеумен айрықша 4K кескін сапасын қамтамасыз етіп, өндірістен жарияланымға дейін жұмыс үдерістерін жеңілдетеді. Барлық жазба форматтарыныңегжей-тегжейлі метадеректері мен құрылымдық файл атаулары бар, соның арқасында бәрін мұнтаздай етіп ұйымдастыруға және тиімді өзгертуге/түзетуге мүмкіндік береді.

Canon ұсынған Cinema EOS өнімдерінің жаңа дәуірі

Бүгінгі және болашақ кинематографистердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін жасалған осы төңкерісшіл камера алдыңғыкамералардан алған ең жақсы қасиеттерін озық фукнциялармен керемет үйлестіреді. EOS C80 жай ғана камера емес. Кез келген жобаның шығармашылық әлеуетін аспандататын шексіз мүмкіндіктер әлеміне ашылған есік.

EOS C80 камерасын 2024 жылдың 13-16 қыркүйегінде Амстердамда өтетін IBC көрмесінде сынап көруге болады. EOS C80 туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: https://www.canon-kz.com/video-cameras/eos-c80/

*Үштік негізгі ISO баптаулары таңдалған гаммарежимге байланысты әртүрлі болады.

 

              Canon Europe туралы

Canon Europe — EMEA (Еуропа, Таяу Шығыс және Африка) аймағында кескін өңдеу технологиялары мен қызметтерін жаһандық жеткізуші Canon Inc. компаниясының стратегиялық штаб-пәтері. Canon Europe шамамен 120 елде жұмыс істейді, қызметкерлерінің саны 12 850 адамға жуық, жыл сайын Canon компаниясының әлемдік кірісінің шамамен төрттен бірін табады.

1937 жылы негізі қаланған Canon компаниясының үздіксіз инновацияларға деген ұмтылысы 80 жылдан астам тарихында кескін өңдеу сапасын биік деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Компания қажет салаларға инвестиция салу, камералардан бастап коммерциялық принтерлерге дейін, өнеркәсіптік жабдықтан бастап денсаулық сақтау технологияларына дейін өсу мүмкіндіктерін пайдалану міндеттемесін мойнына алды.

Canon корпоративтік философиясы — Kyosei «Ортақ игілік үшін бірге өмір сүріп, жұмыс істеу». EMEA аймағында Canon Europe Canon өнімдері, шешімдері мен қызметтері арқылы өзінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуға және клиенттеріне қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтуда қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөле отырып, бизнесті тұрақты дамытуға ұмтылады.

Canon баршаның игілігі үшін кескін өңдеу әлемін үнемі ой елегінен өткізіп отырады. Өзінің технологияларының және инновациялық рухының арқасындамүмкіндіктер шекарасын кеңейтіп, әлемімізді бұрын-соңды көрмегенқырларынан көруге көмектеседі.

Canon Europe туралы қосымша ақпарат алу үшін сайтқа кіріңіз: www.canon-europe.com.

Другие новости

Back to top button