Еңсебекті қолдап Астанада пикет өткізген белсенді ұсталды

Темірлан Еңсебекті қолдауға шыққан тағы бір белсенді ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада белсенді Эльвира Бекзадина Темирлан Еңсебекті қолдау мақсатында жеке пикетке шықты. Қолында ол «Сатира — қылмыс емес» деген жазуы бар плакат ұстады.
8 БЕЛСЕНДІ ҰСТАЛДЫ
Барлығы Темірланды қолдауға Қазақстанның бірнеше қалаларында акция мен пикеттерге шыққан адам саны 8-ге жетті:
— Руслан Бикетов, Алматы
— Әсем Жапишева, Алматы
— Сергей Зинченко, Қостанай
— Ақмарал Жәкібай, Алматы
— Мұсағали Дауылов, Ақтөбе
— Марат Мұсабаев, Астана
— Ақторғын Ақкенжебаласы, Алматы
— Эльвира Бекзадина, Астана
БҰҒАН ДЕЙІН
Сенбі, 18 қаңтар күні QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек екі айға қамауға алынған болатын. Ол «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» жөніндегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабын бұзды деп айыпталып отыр.