Культура

Енесінің алдында еркелеп жатқан Азамат Сатыбалдының әйелі жұртты сүйсінтті

Танымал актер Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасына анасы мен жұбайы Назгүл Қарабалинаның бейнежазбасын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Ене мен келіннің бір-біріне деген сыйластығы мен сүйіспеншілігі көптің жүрегін елжіретті. Видеодан енесі алдында жатқан келінінің маңдайынан құшырлана сүйгенін көруге болады.

“Ене мен келін. Кәрілігің қадірлі болсын десең қазірден баста. Бақыт батада. Келінің қайырлы, ұлың қайырымды болсын десең өзің де сондай бол….Өмір – бумеранг”, – деп жазба жариялады актердің өзі.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары ене мен келін арасындағы сыйластықты байқап, тамсанды.

“Азамат, тамаша көрініс сыйлап, көңіліміз бен көзімізді қуантқаныңызға рахмет!”, “Ене де, келін де керемет жандар болып тұр ғой. Жүз жасасын”, “Осындай өнегелі видео көбейсе”, “Жылап отырып қарайды екенсің”, – деп жазба астына пікір қалдырды желідегілер.

 

Другие новости

Back to top button