Госорганы

Энергетика министрлігі бірнеше облыстағы ЖЭО ақауы бойынша түсініктеме берді

Ведомство өңірлердегі жылыту кезеңінің өту барысына мониторинг жүргізеді

Соңғы тәулікте кейбір облыстардағы жылумен жабдықтау объектілерінде технологиялық ақаулар тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Энергетика министрлігі өңірлердегі жылумен қамту мәселесіндегі проблемаларға қатысты пікір білдірді.

«ЖЭО-дағы ақауларды жою үшін барлық қажетті материал мен персонал саны жеткілікті. Қазіргі таңда Жезқазған жылу электр орталығы мен Кентау жылу электр орталығында резервтік қазандықтар бір күн бұрын іске қосылды. Ал Риддер ЖЭО-да температура бекітілген кестеден төмендеуі тіркелген жоқ», — делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы, республика бойынша электр станцияларында 8 энергоблок, 43 қазандық және осындай 43 турбинаға жөндеу жасалды.

«Көмір қоры 4,9 млн тоннаны құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 67%-ға артық. 108 мың тонна мазут жиналды. Барлық ЖЭО-да отынның нормативтік қоры бар», — делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Энергетика министрлігі 2023 жылғы 1 маусымнан бастап электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуді жүргізді. Бұл шара электр станцияларын жөндеуге 146,5 млрд. теңге көлемінде қаржы көлемін тартуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жекелеген жылу көздерін жылыту маусымына дайындау үшін ҚР Үкіметінің резервінен Риддер және Екібастұз қалаларының ЖЭО, Ақтау қаласының энергия көздері үшін күрделі жөндеу, реконструкциялау және қажетті жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінді. Атап айтқанда, Көкшетау қаласының қазандығын жөндеуге 21,5 млрд теңге бөлінді, бұл барлық негізгі жабдықтарды күрделі жөндеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ Кентау қаласының ЖЭО жөндеуге облыстық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар электр станцияларының иелері шамамен 16,5 млрд теңгені тікелей салған.

Еске салайық, бұған дейін ыЖезқазған ЖЭО қазандықтары істен шығып, қала әкімі тұрғындарға үндеу жариялағанын хабарлаған болатынбыз.

Другие новости

Back to top button