Главное

Енді ChatGPT де Қазақстанда қызмет көрсеткені үшін салық төлейді

2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді. Енді Қазақстан аумағындағы жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін ChatGPT салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын төлейтін болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ChatGPT — бұл жасанды интеллектіге негізделген чат-бот. GPT (Generative Pre-trained Transformer) тілдік моделі негізінде жұмыс істейді және келесідей мүмкіндіктерге ие: сұрақтар мен өтініштерді түсіну; мағыналы әрі қисынды жауаптар құрастыру; аударма, хат жазу, кодтау, оқу және басқа да салаларда көмек көрсету.

Еске салсақ, 2022 жылдан бастап «Google салығы» деген атаумен белгілі шетелдік интернет-компанияларға қатысты қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізілген еді.

Бүгінгі таңда 98 шетелдік ұйым тіркелген, олардын арасында Alibaba, Aliexpress, Apple Google, Huawei, Netflix, Pinduoduo, Temu және басқа да ірі ойыншылар бар. Төленген салықтардың жалпы сомасы 70,0 миллиард теңгеден асты.

Другие новости

Back to top button