ГлавноеГосорганы

Еңбек қауіпсіздігі күшейтіледі – заң жобасы әзірленді

 Сенаторлар еңбек қауіпсіздігіне қатысты талаптарды күшейту бойынша заң жобасын әзірледі. Бұл туралы жоғары палатаның төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың бүгінгі отырысында спикер Қарағанды облысында болған соңғы апатты еске алды. Осы мәселе бойынша президент тиісті тапсырма берген болатын. Оның айтуынша, биыл маусым айында бір топ сенатор еңбек қауіпсіздігін күшейту бойынша заң жобасын әзірледі. Соның ішінде инспекторлардың құзіретін арттыру мәселесі де бар. Олар жоспардан тыс тексеріске шыға алады.

«Қазір қосымша ұсыныстар дайындалып жатыр. Осы орайда сенаторлардың түзетуін де ескеруді сұраймыз. Бәрін пысықтап, тиісті нормаларды қабылдауымыз қажет. Ондай апаттар мен трагедиялар қайталанбауы керек», — деді Әшімбаев бүгінгі отырыста.

Другие новости

Back to top button