Выбор редакцииСоциум

«Еңбегіміз лайықты бағаланса дейміз»: Қазақстандық әйелдер зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін төмендетуді талап етті

Қазақстандық белсенділер әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін төмендетуді талап етуде. Олар орташа өмір сүру жасының төмендеп жатқанын алға тартты. Сонымен қатар жыл сайын жұмыс істеу қиындай түскенін айтуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Мәжіліс қабылдаған заңға сәйкес әйелдер зейнетке 61 жастан шыға алады. Алайда бұл норма тек 5 жылға жарамды. Қазір заң Сенат қарауында жатыр.

«Қазір мақұлданған 61 жаспен жартылай келісеміз. Адамдар 61 жасқа дейін жұмыс істей алады. Алайда әр қазақстандық өз еркімен 58 жасында зейнетке шыға алуы керек. Егер еңбек өтілі өтелсе, зейнетке 58 бен 61 жас аралығында зейнетке шығу құқығы берілсін», – деді белсенді Жанар Жебегенова.

Зейнет жасын төмендетуді талап еткендер қатарында Майкен Биғарстанова да бар. Ол Еңбек министрлігінің өкілдерімен бірнеше рет кездескен. Ұсынысты талқылау үшін жұмыс тобы да құрылған. Оның сөзінше, әйелдерге жасы келген сайын жұмыс істеу қиынға соғады.
Мәжіліс әйелдердің 61 жаста зейнетке шығуын бекітетін құжатты мақұлдады
Қазақстандықтар зейнетақы қорына 14,1 трлн теңге жинады.

«50 жастан кейін жұмысқа қабылдамайды. Біз не істейміз? Зейнет жасын 58 жас деп белгілеу керек. Қазақстанда әйелдердің көбі зейнет жасына дейін жетпейді. 50-55 жас – өмір сүретін кезең. Біздің де өмір сүргіміз келеді, еңбегіміз лайықты бағаланса дейміз. Зейнет үшін азғандай жинағымызды пайдаланғымыз келеді. Өзімізге және немереміз үшін», – деді Майкен Биғарстанова.

Еңбек министрлігі әзірге белсенділер ұсынысын қарастырмайды Сөздерінше, еңбек өтілі жоғары болса, жинақ та көп болады.

«58 жасты белгілеуге келсек, 2018 жылдан бастап бізде кезең бойынша әйелдердің зейнет жасын көтеру жүріп жатыр. Бүгінде 60,5 жасқа келдік. Егер 58 жасты қайтаратын болсақ, зейнетке шыққан адамдардың зейнетақысын есептеу қажет. Демек еңбек өтілі азайса, зейнетақы көлемі де қысқарады», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің директоры Бақыт Қалыкенов.

Еңбек министрлігінің өкілдері зейнет жасының 5 жылға белгіленуі кезінде пандемия салдарынан өмір сүру жасының қысқаруы да ескерлігенін атап өтті. Енді 2028 жылға дейін елде денсаулық сақтау жүйесін күшейтілмек.

Другие новости

Back to top button