ГлавноеГосорганы

Ең қате шешім — Берденов ҚҚС-ң көтерілуін сынға алды

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Қазақстанда қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 20%-ға дейін көтеру туралы ұсынысты сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

КУЛУАР

Бұл туралы Берденов мәжіліс кулуарында Ulysmedia сұрағына жауап беріп, айтты. Депутат мұндай шешімге қарсы екенін айтып, бұл ең қате шешім болғанын айтты.

– Әрине, мен бұған қарсымын. Мәселені бұлай шеше алмаймыз. Бизнеске өте ауыр болады. Үкімет бюджеттің кемшіліктерін жабу үшін қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеруі – ең қате шешім. Бизнес дегеннің не екенін түсінетіндер өз пікірлерін ашық білдіруде, – деді ол.

Берденов қазіргі уақытта шамамен 25 триллион теңге «көлеңкелі бизнесте» жатқанын айтты. Оның сөзінше, үкімет керісінше салық салу базасын қалай кеңейтуді ойлауы керек.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Менде бөлшек салыққа (2-3%) қатысты сауал болды. Көптеген кәсіпкер “көлеңкеден” шығып, заңды жұмыс істей бастады. Экономикамызда шамамен 25 триллион теңге – көлеңкелі бизнесте жатқан. Біз бизнестің ашылуына, өз айналымын ашық көрсетуге және салық төлеуге ынталандыратын жағдай жасауымыз керек.

Берденовтің айтуынша, егер ҚҚС мөлшерлемесі 20%-ға көтерілсе, Қазақстандағы көптеген бизнес қайтадан “көлеңкеге” кетеді.

Айта кетейік, Берденовтің өзі де тәжірибелі кәсіпкер. Мәжіліске келмес бұрын, ол Aq Niet Group бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске сала кетсек, Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеп жатқанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ бизнесвумен, Салық альянсының мүшесі Жанар Сүлейменова Қазақстан үкіметінің ҚҚС ставкасын 20 пайызға дейін көтеру туралы ұсынысына үн қатып, бастамаға қарсылық білдірді.

Экономикалық даулар саласындағы адвокат, бұрынғы салық кеңесшісі Жангелді Сүлейманов те Үкіметтің Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) ставкасын 20 пайызға дейін көтеру идеясымен келіспейтінін жеткізді.

Другие новости

Back to top button