«Емшектегі бала сияқты»: Елдос Сметовтің қыр соңынан қалмаған анасы жұрттың сынына ұшырады (ВИДЕО)
Париж Олимпиадасында дзюдодан алтын медаль алған Елдос Сметовтің қасынан қалмаған анасы сынға ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандықтар Елдос Сметов елге келгеннен бері оның жанынан әйелі емес, анасының қолтықтап жүргенін сынға алып, сөгіс танытқан.
«Келініне орын бермей ме, өзі қолтықтап жүр баласын». «Анасы әкесімен артта тұрып, ұлының қасына әйелін жіберуі керек еді». «Жағаласып, ұлының артынан қалмайды екен». «Осы кісінің туғаны белгілі ғой, бірақ жұрттың алдында осылай жағаласып жүргені ұят». «Осындай енеге шыдап жүрген келінге халықтың атынан алтын медаль тағайық». «Тіпті, Димаштың анасы жанында жүрмейді», — деп сөккен желі қолданушылары.
Осыған дейін чемпионның анасының әрекетін коуч Роза Әшірбаева да сөккен еді.
«Неге қазақ жігіттері жұбымен жүрмейді? Баласын көтеріп алады, жан-жағында ата-анасы жүреді. Әйелі балаларын туып, оны күтіп-бағып, жанында мотиватор болып отырған жоқ па? Ата-аналар біліңдер, бала — қонақ. Қорықпа балам, мамаң келеді қасыңа», — дейді Роза Әшірбаева.
Еске салсақ, Париж олимпиадасында дзюдодан алтын медаль алған Елдос Сметовке халық қошамет көрсетіп жатыр. Әзірге оның алтыны Қазақстан қоржынындағы жалғыз алтын медаль болып отыр.