Нур-Султан

Елордалық полицейлер қаланың атмосфералық ауасына автокөліктердің әсерін тексерді

Полиция департаменті Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы мен  «Экосервис-С» ЖШС бірлесіп ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

Құжаттың мәні Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған орта сапасын арттыру және экологиялық проблемаларын шешу мәселелері бойынша ынтымақтастық болып табылады. Полицейлер экологтармен бірлесе отырып, автокөліктердің қаланың атмосфералық ауасына зиянды әсерін азайту үшін пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтінділігінің нормаларға сәйкестігін тексереді.

Көлік құралдарын бақылау арнайы құралдармен және жабдықтармен жарақтандырылған арнайы жылжымалы экологиялық бекеттер жүзеге асырады. Оқытылған эколог-операторлар автокөлік құралдарының пайдаланылған газдарын өлшеуді және алынған деректерді бастапқы өңдеуді орындайды.

Қаланың атмосфералық ауасына зиянды әсерді төмендету мақсатында рейдтік іс-шаралар кезінде 354 көлік құралының пайдаланған газдарының уыттылығы мен түтінділігінің нормаларға сәйкестігі тексерілді. Тексеру нәтижесінде 100-ден астам газ шығару нормалары бұзылған автокөлік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ӘҚБтК — нің 334-бабына сәйкес автокөлік және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану ластаушы заттар мен шығарындылардың болуы нормативтерінен асып кетсе, жеке тұлғалар үшін 10 АЕК, ал заңды тұлғалар үшін 100 АЕК түрінде айыппұл салынады.

Другие новости

Back to top button