Елордалық әйел 21 жылдан бері бейтаныс адаммен некеде тұрғанын е-gov.kz арқылы ғана білген
«Отағасы» акт жазбасының күшін жою туралы арыз жазып, ажырасудан үзілді-кесілді бас тартқан
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 21 жыл бұрын тіркелген заңсыз некені бұзу туралы іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Елорда тұрғыны 2001 жылдан бері бейтаныс азаматпен заңды некеде екенін е-gov.kz арқылы ғана білген.
Жалған акті жазбасының күшін жою туралы сұрақпен ол тіркеуші органға жүгініпті. Алайда некеде тұрған адаммен бірге азаматтық хал актілерін тіркеу органына келіп, осы акті жазбасының күшін жою туралы бірлескен өтініш жазуы қажет болған.
«Азамат Е. акті жазбасының күшін жою туралы арызбен азаматтық хал актілерін тіркеу органына бірлесіп жүгінуден үзілді-кесілді бас тартты. Дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібімен талапкер Астана қаласының Әділет департаментіне шағыммен жүгінген, алайда «актілік жазбаның қағаз нұсқасында некеге тұрғандардың қолдары жоқ» деп көрсетілген ұқсас жауап алған», — деп көрсетті Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты.
Осыдан кейін азаматша Астана қаласының әкімшілік сотына жауапкерді некені тіркеу туралы актілік жазбаның күшін жою туралы қолайлы әкімшілік акті қабылдауға мәжбүрлеу туралы талаппен жүгінді.
Судья соттың белсенді рөлі қағидатын қолдана отырып және дауды қараудың құқықтық салдарын түсіндіре отырып, тараптармен әңгіме жүргізді.
«Нәтижесі бойынша келісім бекітілді, оның шарттарына сәйкес Әкімнің Аппараты азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелген некені тіркеу туралы актілік жазбаның күшін жою туралы әкімшілік қолайлы акті қабылдауға міндеттенеді», — делінген соттың хабарламасында.