Нур-Султан

Елордада жатақханадан өрт шықты

Мамандар өрттің шығу себептерін анықтауда

Елордада жатақханадан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«30 тамызда 12 сағат 26 минутта Өрт сөндіру қызметіне Алаш тас бойы 9 мекенжайы бойынша өрт туралы хабар түсті. Жедел түрде өрт сөндірушілер келген кезде екі қабатты жатақхананың бөлмесінде үй жиһаздары өртеніп жатқанын анықтады. Құтқарушылар өрт орнынан төрт адам құтқарды», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендер мен опат болған дар жоқ. Өрттің аумағы 18 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 22 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Другие новости

Back to top button