Нур-Султан

Елордада автобус аялдамасында ер адам қайтыс болды

Қала тұрғындарының бірі полицияға хабарлаған

Ақпаратты астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға Бөгенбай даңғылының бойындағы жылы аялдамалардың бірінде болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қала тұрғындарының бірі полицияға хабарласып, аялдамада мәйіттің жатқанын айтқан.

«9 қараша күні сағат 8:20 шамасында «102» каналына Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем СҮ» аялдамасынан адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін факті расталды. Полиция қызметкерлері зорлық белгілері жоқ 51 жастағы ер адамның мәйітін анықтады», — делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

Другие новости

Back to top button