Нур-Султан

Елордада 5-қабаттан құлаған сәбидің жағдайы бірқалыпты

Елордада 3 жасар сәби көппәтерлі үйдің 5-қабатынан кіре берістегі шатырға құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы агенттік тілшісіне сәбидің жағдайы бірқалыпты екендігін айтты.

«2 тамыз күні 2019 жылы дүниеге келген сәби ауруханға түсті. Бала нейрохирургия бөлімшесінде стационарлық ем алып жатыр. Ол құлаған кезде түрлі дене жарақатын алған. Қазір баланың жалпы жағдайы бірқалыпты. Анасымен бірге қарқынды қадалағау палатасында. Бала ем-дом мен тексерулерді толық көлемде алып жатыр», — деп атап өтті қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басталғалы елордада балалардың терезеден құлап кетуі бойынша 24 факті тіркеліп, 3 бала қаза тапты

Другие новости

Back to top button