Госорганы
Еліміздің үш облысында бірнеше автожол жабылды

Еліміздің 3 облысында республикалық маңызы бар үш автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«ҚазАвтоЖол» 11 наурыздағы сағат 07:00-дегі жағдай бойынша жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды.
Ақтөбе облысында — жалпы ұзындығы 189 км құрайтын 1 автожол (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ):
- «Самара-Шымкент» «ЭКО Ойл» жанармай құю бекеті-Қарабұтақ елдімекені (жүк және қоғамдық көлік үшін).
Қызылорда облысында — жалпы ұзындығы 204 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты):
- «Қызылорда-Павлодар» — Қызылорда қ. — Ұлытау обл.шекарасы (автокөліктің барлық түрі үшін).
Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 208 км 1 автожол. (жаңбыр, көктайғақ):
- «Қызылорда-Павлодар» — Қызылорда обл.шекарасы-Талап а. (автокөліктің барлық түрі үшін).
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 247 бірлік техника және 284 жолшы жұмылдырылған.