Госорганы

ЕЛІМІЗДІҢ ЕҢ ҮЗДІК ДӘРІГЕРЛЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ҮШІН БАТЫС ӨҢІРГЕ БАРДЫ

ҚР ПІБ МО ОКА (СОВМИН) еліміздің ең көне ауруханасының бір топ дәрігерлері Ақтөбеде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері шеңберінде жұмыс істейді. Науқан тәжірибе алмасу, қазақстандықтарға білікті көмек көрсету және Қазақстанның денсаулық сақтау ісіне жаңа заманауи әдістерді енгізу мақсатында жүргізілді.

Бірінші күні ОКА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Саршаев Ақтөбе медициналық орталығы үшін жаңа операция — микроваскулярлық декомпрессия жүргізді, бұл үш тармақты жүйке невралгиясын және гемифациалды түйілуді емдеу.

— Біз үшін бұл нәтижесінде пациенттің өмірін едәуір жақсартатын әдеттегі операция, Ақтөбелік әріптестеріміз осындай операцияларды өздері жасау үшін біз өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Мен өткізген консультацияларға адамдар көбінесе омыртқа жарығы мәселелерімен, қан-тамыры ауруларымен, ісік және эпилепсия ауруларымен келді. Осындай науқандарды барып өткізу тәжірибе, ақпарат алмасу үшін аса маңызды, кері байланыс кезінде мен бұл өңірде эпилепсия ауруын емдеу әдәуір дамығанын байқадым. Біз жергілікті дәрігерлермен өзара қарым қатынас жасауға және пациенттерге көмек береміз деген сенімдемін, себебі бізде жақсы тәжірибе бар, — деп атап өтті дәрігер Марат Саршаев.

СОВМИННІҢ онкохирургтары Естай Абзалбек пен Марат Ахетов те күрделі операциялар жасады, әрқайсысы төрт сағатқа созылды. Олар асқазанды жеңдік кесу және көкет жарығы кезінде операция жасады, бұл асқазанды қайтадан іш қуысына қалпына келтіру. Ақтөбедегі пациент жағдайында ол көкетті қысып үлкен мәселе тудырған. Екі операция да қосарлы ауруларымен бірге асқыну тудырған, бір пациентте диабет, семіздік болған, екіншісінде – бұрынғы операциядан қалған тыртық түріндегі салдары және жіті холецистит кедергі келтірген. Алайда, лапароскопиялық операциялар сәтті өтті.

— Ақтөбелік әріптестер, әрине, бізге дейін де осындай операциялар жасады, біз дайын жерге келдік, бірақ олар біздің шетелдегі шеберлік сабақтарынан сұрыптап әкелген басқаша көзқарасты, әдістерді көрді. Оның үстіне біз онкохирургтармыз және операцияларға орнықты көзқараспен қараймыз, қауіптерден, өзгешеліктерден қорықпаймыз. Біздің бірігіп жасаған табысты операцияларымыздан кейін ақтөбелік әріптестерімізге алыс шетелде оқу үшін қаржыландыру қосуға уәде берілді, бұл да болса нәтиже, өйткені қазіргі таңда әлемдік қайраткерлермен қарым-қатынас жасамаса болмайды, медицина өте тез қарқынмен дамуда және әр өзгерісті қалт жібермеуіміз қажет.
Алда Алматыдан келген дәрігерлердің басқа күрделі операциялары, шеберлік сабақтары, консультациялары, оларды жергілікті әлеуметтік желілер белсенді түрде талқылап жатыр, Ақтөбе үшін Астана мен Алматы дәрігерлерінің келуі үлкен оқиға. Бұдан әрі Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері Ақтөбеде алынған тәжірибені ескерумен басқа өңірлерде өтеді. Мұнда ең бастысы — адамдар қайда тұрса да, білікті көмек алуда, Медициналық орталық күндерінің пациенттерінің көпшілігі Астана мен Алматыға баруға мүмкіндігі жоқ алыс ауылдардан болды.

Другие новости

Back to top button