Госорганы

Еліміздегі 146 мыңнан астам инженерлік желіге жөндеу жүргізіледі – ҰЭМ

Тарифтерді өзгерту бойынша құқықтық негіз қалыптастырылады

Еліміздегі 146 мыңнан астам инженерлік желіге жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Қуантыров Мемлекет басшысының 2023 жылғы 29 наурыздағы тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

«Тарифті инвестицияларға айырбастау» қағидатына сәйкес тарифтік саясатты реформалау аясында  электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру салаларындағы желілердің тозуын төмендетуге көзделген жұмыс басталды. Бұл авариялардың санын азайтуға және осы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді», — деді ол.

Қуантыров атағандай, ол үшін инженерлік 146 мыңнан астам шақырым желіге жөндеу жүргізу қажет.

«Бүгінгі таңда тарифтерді өзгерту және қолданыстағы инвестициялық бағдарламаларды ұлғайту үшін құқықтық негіздер қалыптастырылды. Осыған байланысты, салалық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен пысықталған, табиғи монополия субъектілері растайтын құжаттары бар өтінімдер ұсынылады деп күтіліп отыр. Мемлекет басшысы тауарлық газдың энергия тиімділігін арттыру және ұтымды тұтынылуы үшін тиісті жоспар қабылдауды тапсырды. Аталған міндетті іске асыру үшін ірі коммерциялық кәсіпорындар сараланған тарифтерді енгізу, халық үшін көтерме бағалардың өңірлік айырмашылығын қысқарту және тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді енгізу шаралары ұсынылады», — деді ол.

Министр атағандай, бұл газды үнемді пайдалану әдетін қалыптастыруға, ішкі тұтыну көлемінің тапшылығын азайтуға және газдың әлеуметтік-әділ құнын белгілеуге ықпал етеді.

Другие новости

Back to top button