Госорганы

Елімізде шошқа тұмауы таралып жатыр — министрлік

Ажар Ғиният бір-біріне ұқсамайтын тұмаудың да өршіп тұрғанын айтты

Қазақстанда шошқа тұмауы мен коронавирустың жаңа штамдары анықталды. Қазір елімізде  суперинфекция өршіп тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Министрдің сөзінше, елімізде анықталған ковидтің «омикрон» штамынан бөлек, «цербер» штамы да тіркелген. Сондай-ақ, ол бір-біріне ұқсамайтын тұмаудың да өршіп тұрғанын айтты.

«Тұмаудың бір-біріне ұқсамайтын үш түрі бар, соның ішінде шошқа тұмауы (H1N1) да бізде тіркелді. Сонымен қатар, аденовирус та тіркеледі, вирустың барлық түрлері тіркеледі. Біз инфекция мен супер инфекцияның араласып жатқанын көріп отырмыз. Вирустар бір-біріне жабысып, сырқат өте ауыр жүреді «, -деді ҚР  Денсаулық сақтау министрі.

Другие новости

Back to top button