Госорганы

Елімізде республикалық маңызы бар автожолдарда күзет күшейтілді

Тәулік бойы жолдарды қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жол тазалығына жауаптылар тәулік бойы жолдарды қардан тазалап, құм-тұз қоспасын себу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазір республикалық маңызы бар жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 300-ден астам арнайы техника мен 400 жолшы жұмылдырылды. Дәл осы сәтте республикалық маңыздағы жолдар ашық», — деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, боран мен көктайғақ болуы мүмкін. Еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

«Осыған байланысты, автокөлік иелерінен көлік жүргізгенде өте мұқият болуын сұраймыз: жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін сақтау маңызды. Ал республикалық жолдарда штаттан тыс жағдай туындаса көлік жүргізушілері 1403 қысқа нөмірі бойынша «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына жүгіне алады», — делінген компания хабарламасында.

Другие новости

Back to top button