Госорганы

Елімізде құмар ойынға тәуелділердің саны 36 мыңға жеткен

Қазақстанда лудоманиямен ауыратындардың саны шамамен 36 мыңға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Мұны денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстанда құмар ойындарға тәуелді адамдардың саны – шамамен 36 мың», — делінген лудоманиямен күреске арналған кеңестің қорытындысында.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният тәуелділіктің алдын алудың ұлттық жүйесінің (химиялық және химиялық емес) жобасын дайындау іске асырылатынын мәлімдеді.

Ғинияттың айтуынша, қолданыстағы клиникалық хаттамалар, емдеу стандарттары, медициналық көмек көрсету сапасы жеке наркологиялық орталықтарда да қолданылуы тиіс. Осыған байланысты олардың қызметін реттеу жоспарланатынын түсіндірді.

Бұған дейін қазақстандық блогер үйі мен екі бизнесінен айырылған лудоманның банктік карта есептерін көрсеткен еді.

Другие новости

Back to top button