Культура

Елімізде қариларға арналған ижаза орталығы ашылады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елімізде Құран жаттап, қари атанып, ижаза алғысы келетіндер үшін ижаза беру орталығын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлады BAQ.KZ.

Мұсылман елдерінде құран жаттау орталықтары бар. Қазақстандағы діни басқарма да мешіт жанындағы сауат ашу курстарында Құран оқу мен жаттатуды үйретіп келеді. Ал қари болғысы келетіндерге арнап Құран жаттау орталықтарын ашты. Қазіргі таңда ресми тіркеліп жұмыс жасап тұрған 7 қарилық орталық бар.

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков Қазақстанда ижаза беру орталығын ашуды жоспарланып отырғанын айтты.

Ижаза демекші, бірқатар қариларымыз ижаза алу үшін Түркия мен Мысырға барып, атақты қарилардан тәлім алып жатыр. Ижаза дегеніміз – ардақты Пайғамбарымыздан күні бүгінге дейін тіні үзілмей келе жатқан ұстаздар тізбегімен берілетін рұқсатнама. Сол ижазаны алу оңай емес. Бас мүфтидің шешіміне сәйкес ижаза алғысы келетін қариларға арнап, ижаза беру орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Орталыққа танымал шетелдік қариларды шақырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі олардың бұл саладағы тәжірбиесі мол. Мақсатымыз солардың тәжірибесін меңгеріп, отандық қарилардың деңгейін көтеру. Нәтижеде алдағы уақытта біздің де қариларымыз бірнеше қырағат иесі болып, ижаза беретін қариларымыздың санын артатын болады, – дейді Смайыл Сейітбеков.

Другие новости

Back to top button