Образование
Елімізде магистратураға құжат тапсырғандар қай мамандықты көп таңдаған
Республика бойынша 42 569 өтініш келіп түскен
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2023/07/64b6145dd3a55960119909-780x470.jpeg)
Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау мерзімі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Белгілі болғандай, 1 маусым мен 15 шілде аралығында республика бойынша 42 569 өтініш келіп түскен.
Ең көп таңдалған білім беру салалары:
- педагогикалық ғылымдар;
- инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
- бизнес, басқару және құқық.
Кешенді тестілеудің өтетін күні, уақыты, орны 18 шілде күні жарияланады.