Госорганы

Елімізде коммуналдық қызметке қарызы көп өңірлер аталды

Тұтынушылардың коммуналдық қызметтерге қарызы 13,8 млрд теңгеге жеткен

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, қыркүйекте тұтынушылардың коммуналдық қызметтерге қарызы 13,8 млрд теңгеге жеткен.

Ведомство басшысы 2021 жылдың сәйкес кезеңінде дебиторлық берешек 16,3 млрд теңгені құрағанын еске салды.

«Ең көп дебиторлық берешек Нұр-Сұлтанда (2,5 млрд теңге), Алматыда (2,5 млрд теңге) және Шымкентте (1,7 млрд теңге) тіркеліп отыр», — деді министр Үкімет отырысында.

Өз кезегінде Энергетика министрі Болат Ақшолақов энергия өндіруші ұйымдардың отынға кредиторлық берешегінің қомақты екенін мәлімдеді.

«Бүгінгі күні «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы қарыз 4 млрд 959 млн теңге болды (2021 жылдың тамызында қарыз 4 млрд 670 млн теңге болған)», — деді ол.

Оның айтуынша, энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь-Көмір» ЖШС алдында жалпы сомасы 2 млрд 479 млн теңге қарызы бар (2021 жылдың тамызында берешек 2 млрд 308 млн теңге болған).

 

Другие новости

Back to top button