Культура

Елімізде кинотеатр билеттері 10 пайызға қымбаттаған

Театр қызметі 27 пайызға өскен

Осы жылдың бірінші жарты жылдығында шығармашылық, өнер және ойын- сауық саласында көрсетілген қызметтер көлемі 27,1 млрд ттеңгені құраған. Өткен жылмен салыстырғанда 24,4% — ға артық, деп хабарлайды Azattyq Ruhy energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірлік бөліністе сектордағы қызметтердің ең көп көлемі елордада өскен. Екінші орында Алматы, көшбасшылар үштігіне Қарағанды облысы да кірді. Қызметтердің ең аз көлемі Алматы облысында орындалған.

Қазан айының қорытындысы бойынша мәдени іс-шаралар саласындағы қызметтердің бағасы бір жылда 14% — ға өсті. Оның ішінде кинотеатрлардың қызметтері 10,1%- ға, ал қазақстандықтар арасында танымал болған театрлардың қызметтері бірден 26,5% — ға қымбаттады.

Өңірлік бөліністе мәдени іс-шаралардың барлық түрлеріне бағаның өсуі Ақмола облысының тұрғындарына сезілді.

Кинотеатрлардың қызметі Ақмола облысында бір жылда 50% — ға қымбаттаған. Ең азы Қызылорда облысында байқалды, онда тек бұл қызмет түрі  0,2% — ға өскен. Маңғыстау облысында бағалар өткен жылдың деңгейінде қалды. Ал Шымкентте 2,8% — ға төмендеген.

Другие новости

Back to top button