Госорганы

Елімізде кедейлік деңгейі 5,3 пайызды құрады

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 46 671 теңге

2022 жылғы ІІІ тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 5,3%-ды құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық статистика бюроысының мәліметінше, кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы III тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

Сондай-ақ, бюро мәліметінше, жұмыссыздар саны 2022 жылғы қарашадағы есеп бойынша 451,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрайды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2022 жылғы қарашаның соңына 221,9 мың адамды немесе жұмыс күшінің 2,4% болған.

Айта кетсек, ҚР бойынша 2022 жылғы III тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 46 671 теңгені құрады.

Другие новости

Back to top button