Главное

Елімізде енді бірде-бір ЖОО-ның бірінші басшысын Үкімет тағайындай алмайды

Еліміздегі ЖОО-ның бірінші басшысын енді Үкімет тағайындай алмайды. Қаулы қоғам талқылауына шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Қоғам талқылауында 10-шілдеге дейін болады. Содан кейін күшіне енуі тиіс.

Құжат жобасында “Білім туралы” заңына байланысты Үкімет бірінші басшысын тағайындай алатын университеттер тізімі алынып тасталатыны көрсетілген.

Бұған дейін елдегі 4 ЖОО-ның бірінші басшысын, яғни Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер университеті, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Қазақ ұлттық хореография академиясы басшыларын ҚР Үкіметі тағайындай алатын болған.

Енді бұл өзгеруі мүмкін. Осылайша  аталған жоғары оқу орындарының басшысы «Білім туралы» ҚР заңына сәйкес өзге ЖОО секілді енді ел заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалады.

Другие новости

Back to top button