Госорганы

Елімізде балаларға арналған әуесапарларының субсидиясы қысқартылған

Қазақстанда балалардың әуе сапарларын субсидиялау көлемі қысқарды.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Kids go free бағдарламасы бойынша 2031 жылға дейін кемінде 550 мың баланы қамту жоспарланған. Өткен жылы 10 мың бала қамтылды. Ал өткен жылы ел ішінде тегін рейсті тек 1500 бала ғана пайдаланды.

Kazakh Tourism ұлттық компаниясында kids go free бағдарламасы бойынша ел ішінде балалардың әуе сапарларын субсидиялау көлемінің қысқаруы болжаммен дұрыс еместігімен байланысты. Мұндай жоба алғаш рет іске қосылды және ішкі туризмге нақты сұраныс белгілі болмады. Өткен жылы 1,5 мыңға жуық бала, ал жоба басталғаны 1800 бала тегін ұшу бағдарламасын пайдаланды. Бастапқыда бұл көрсеткіш 6 есе көп болады деп есептелген.

“Туристік пакеттер мен турист балалар санының өсуі бағдарламаның жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. Біз туроператорларға осы бағдарламамен жұмыс істеуді жеңілдететін ережелерді едәуір жеңілдеттік”, – деді «Kazakh Tourism»ҰК АҚ баспасөз хатшысы Ернұр Кенжебеков.

Құжатты әзірлеушілер бағдарлама қазақстандықтардың демалыстарға жоспарлы түрде көп шықпағаны үшін және ішкі рейс әуебилеттер қымбат болғаны үшін дамымайды деп санайды. Туроператорлар балалар билеттерінің құны да жоғары екенін айтады.

“Әуе сапарына балаларға бірыңғай баға қою керек, яғни Қазақстан бойынша балаға шағын тариф қою керек. Сонда көп балалы отбасылар ұшатын еді, ал бір балаға 30, 40, 50 мың адам теңгеден болса, бұл қалтаға салмақ түсіреді. Барлығында мұндай мүмкіндік жоқ. Егер бағдарлама қайта жасалып, олар өздері сатып алатын болса, оңай болар еді”, – деді «Шымтур»ЖШС директоры Ләйлә Бисекенова.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерде бағдарламаға 150 миллион теңге көзделеді. Туризм және спорт министрлігі бұл қаражатқа биыл 2800 бала, келесі жылы 4800 бала ұшуы мүмкін деп санайды. 2031 жылға дейін 108 мыңнан астам балалар әуебилетін субсидиялау жоспарлануда.

Другие новости

Back to top button