Госорганы

Елімізде балалар онкологиялық аурулардан жиі көз жұмады — Депутат

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова балалардағы онкологиялық ауруларды емдеудегі проблемалар туралы айтып, өлімнің ең көп тараған себептерін атады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Депутаттың айтуынша, лейкемиядан көз жұматындардың саны өте көп.

«Лейкемиямен ауыратын балалардың өмір сақтап қалу өте қиын. Бұл балалар барлық халықаралық хаттамалар бойынша емделеді, Қазақстанда тиісті дәрі-дәрмектер бар. Cептикалық асқынулардың деңгейі жоғары. Екіншісі – гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау», – деді Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, онкологиялық аурулары бар балаларды емдеудің барлық мүмкіндіктері бар. Алайда педиатрия және балалар хирургиясы орталығының жабдықтары ескі және жаңартуды қажет етеді. Өйткені әлемдік тәжірибеде олардың мерзімі 20 жылда аяқталады.

«Педиатрия орталығының медициналық жабдықтардың тозуы – 70%. МРТ аппараттары, компьютерлік томография, ультрадыбыстық, рентгеннің қызмет ету мерзімі ескірген. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы жанындағы 200 орындық балалар онкогематологиясының жеке корпусын салу үшін ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлу процесін жеделдету керек», — деп атап өтті ол депутаттық сауалында.

Ол жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шамамен 300 млн теңге қажет екенін айтты. Процестің өзі 10-12 айға созылады.

«Кеш диагностика жасалады, ата-аналар арасында ақпараттық жұмыс жеткіліксіз. Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық балаға алғаш рет диагноз қойылады, 5000-ға жуық бала диспансерлік есепте тұрады, олар жыл сайын емделеді», – деп атап өтті сенатор.

Другие новости

Back to top button