Госорганы
Елімізде 7 жол учаскесі жабылды — «ҚазАвтоЖол»
Автожолдарды тазарту үшін 250 жол-пайдалану техникасы және 350-ден астам жұмысшы жұмылдырылған

Қазақстанның 4 облысында 7 жол учаскесі жабылды, деп хабарлаqды Azattyq ruhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
«13 қаңтар күні сағат 11:15-тегі ақпаратқа сәйкес 4 облыста ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің шектелуі, температураның төмендеуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді», — делінген хабарламада.
Автожолдарды тазарту үшін 250 жол-пайдалану техникасы және 350-ден астам жұмысшы жұмылдырылған.