ГлавноеГосорганы

Еліміз бойынша үй құстары арасында құс тұмауы тіркелген жоқ

Аумақтық инспекциялар эпизоотиялық жағдайды бақылауға алды

Бүгінгі таңда республикада үй құстары арасындағы құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан аумағында 14 930 180 үй құсына жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцина жасау жоспарланған.

12 айда 14 764 980 құсқа екпе егілді (бұл — жылдық жоспардың 99%).

Үй құстарының арасында ауру белгілері байқалмайды.

Аумақтық инспекциялар эпизоотиялық жағдайды бақылауға алды.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде, Қаракөл көлінің жағасында аққулар құс тұмауы салдарынан жаппай қырылған болатын.

Другие новости

Back to top button