ГлавноеГосорганы

Электронды цифрлы қолтаңба орнына енгізілген QR жүйесі қалай жұмыс істейді – Цифрлық даму министрлігі түсіндірді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі QR жүйесі қазақстандықтар арасында жылдам тарағанын мәлімдеді. Қазір мұны 10 мыңнан аса адам қолданады. Әзірге жаңашылдықты тек eGov.kz сайты, сот кабинеті мен «Отбасы банкте» ғана енгізген. Министрлік өкілдері жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның «Информбюро»бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Енді қазақстандықтар цифрлық құжаттарға QR арқылы қол қоя алады. Штрих код көмегімен электронды үкімет сайтына да кіруге болады. Енді электронды цифрлық қолтаңбаны флэш картасына жүктеудің де қажеті жоқ.

«Қазір QR жүйесі арқылы электронды қызметтерді сот кабинеті мен «Отбасы банкте» де алуға болады. Қазір аталмыш жүйенің қолданыс аясын кеңейту үшін жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, БЖЗҚ-мен, Enbek.kz сайтына да қосу үшін Еңбек министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз», – деді «Электронды үкіметтің» сыртқы контур жобалары басқармасының басшысы Ақмарал Макеева.

Қазіргі таңға дейін сот кабинетінде QR арқылы 7 000 өтініш, ал «Отбасы банкте» келіп түскен. Бұл жүйенің азаматтар арасында кең таралып жатқанын көрсетеді. Жаңашылдықпен танысу үшін электронды үкімет сайтын ашса жеткілікті. Өз аккаунтыңызға кіру үшін QR жүйесін таңдау керек. Кейін ұялы телефондағы eGove Mobile қосымшасын ашып, eGove QR таңдау қажет. Экранда көрсетілген QR кодты камераға түсірген соң аккаунт ашылады.

ІТ-мамандарының сөзінше, QR арқылы қол қою әлемде кең тараған қызметтердің бірі болып отыр.

«Егер жүйені тексерілген компанияларда қолданса, қауіпсіз болады. Дегенмен көшеде немесе басқа орында QR кодтарын сканерлемеген жөн. Мұндай жағдайда телефонға вирус жүктелуі де ықтимал», – деп түсіндірді ІТ-маманы Александр Гринцов.

Другие новости

Back to top button